"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 20-06-2013, 12:41, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1425

2013ж. 19 маусымда ҚМКК «Павлодар машина жасау колледждінің» белсенді студенттері конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» флеш-мобына қатысты. Іс-шара барысында студенттер қала тұрғындарына акция буклеттерін таратып, жағажайда «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» деген ұранмен аспанға ақ және қара түсті шарларды ұшырды. 

  

Жаңалық қосты admin1, 7-06-2013, 10:08, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1676

14.05.2013ж. колледжде 1-ші курс оқушыларының арасында акция өтті:

ТЕМЕКІ ШЕГУ НЕМЕСЕ ДЕНСАУЛЫҚ?

ТАҢДАУ ӨЗ ҚОЛЫҢДА!

Темекі шегу: 90% өкпе қатерлі ісігін;

                       75% кеңірдек-өкпе ауруларын;

                       25% жүрек-қантамыр ауруларын тудыратын басты себеп болып табылады.

Егер де сіз темекі шегуді тастасаңыз:

- 20 минуттан кейін қан қысымы қалыпты жағдайға келеді;

- 8 сағаттан кейін қандағы никотин мен зиянды газ жартылай төмендейді, оттегі деңгейі қалыпты жағдайға келеді;

- 24 сағаттан кейін зиянды газ ағзадан толық шығады;

- 48 сағаттан кейін иіс сезу қабілеті жақсарады;

- 72 сағаттан кейін өзін-өзі жақсы сезінеді;

- 2-12 аптадан кейін қан айналымы жақсарады;

- 1 жылдан кейін миокарда инфаркт қаупі 50%-ға төмендейді;

- 5 жылдан кейін өкпенің, ауыз қуысының, кеңірдектің, өңештің қатерлі ісік ауруларына ұшырауы 2 есеге дейін азаяды.

 

ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАҢЫЗ!

 

19.05.2013ж. колледж оқушылары Халықаралық ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу күні аясында облыстық ЖИТС орталығы мен үкіметтік емес ұйымдардың ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай өткізген акциясына қатысты. Акцияның өткізілген жері: қалалық мәдени және демалыс саябағы.

 

Маусым – Өткір ішек жұқпалы ауруларының алдын алу

alt altalt alt
Жаңалық қосты admin1, 3-06-2013, 11:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2451

Халықаралық   ғылыми – тәжірибелік  конференция

2013жылғы 14 мамырда ағылшын тілінің оқытушысы Хамитова А.С. «Шетел тілді оқыту барысында коммуникативтік әдісінің элементтері» баяндасымен  С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде өткен  « Тіл кедергісі жоқ білім және ғылым» халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысты. Анара Сағадатовнаға белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хат» табыс етілді.