"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 30-05-2014, 14:15, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 3701

alt

Педагог-психолог Хаирова Ляйля Ашоковна

1995 жылы Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетін (орыс тілі мен әдебиеті факультеті), 2012 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын (педагогика және психология) аяқтады.

Өтінішпен келу : 208 каб. Жұмыс уақыты : 8.30-17.30

Оқушылардың ата-аналарымен жұмыс : сәрсенбі, бейсенбі.

Оқушылармен жеке кеңесу: сейсенбі.

Биылғы жылы төмендегі тақырыптар бойынша семинарларға қатысты:

«Жеткіншек-жасөспірім жастағы тұлғалардың ауытқушылық мінез-құлықтары: феноменология және персонология».

«Тәжірибелік психология мектебі: жасөспірім жастағы тұлғалардың арасында ауытқушылық мінез-құлықтарын алдын алу бойынша әлеуметтік-психологиялық тренинг».

«Тәжірибелік психология мектебі: Балинттік топтардағы өз-өзіне қол жұмсаушылықтың алдын алу және іс-тәжірибе».

 

alt   

 

alt   alt

 

     Педагог-психолог кабинетінде апта сайын топтық тренингтер, кеңестер, әңгіме, оқушылармен, ата-аналармен және мұғалімдермен жеке дара жұмыстар атқарылады. Сонымен қатар мұғалімдермен бірге тренингтік жұмыстар атқарылады.

alt alt alt

Жаңалық қосты admin1, 30-05-2014, 14:14, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 5500

Армандау технологиясы: алдыңа қойған мақсатқа қалай қол жеткізуге болады

Табыс – бақытты өмір сүрудің кілті. Неліктен кейбір адамдардың жолы болғыш, ал басқалары сәтсіздікке ұшырайды? Қалайша бір адамдар мүмкін емес нәрсеге қол жеткізеді, ал кейбіреуі қарапайым дүниелерді жасай алмайды? Бұл сұрақты өз өзіне көптеген – мамандар да, қарапайым адамдар да қояды әрі оның әр қайсысы өзінің табысқа жету жолдарын құрады. 

Мың қадамға бастар жол

«Мың қадамға жол бастау бірінші қадамнан басталады» деген қытай мақалы бар. Қандай болмасын ірі жобалар, кез келген маңызды мақсат – бұл ұзақ жол және оны әрқашан жекелеген қадамдарға бөлуге болады. Бұл қадамдардың әр қайсысы – кішкентай мақсат әрі оны қалыптастырып, жазып, бейнесін салу қажет. Бір күнде үй тұрғызып немесе роман жазу мүмкін емес. Бірақ оған өзіңнің аз ғана үлесіңді қосуды бүгіннен бастауың керек. Сонымен қатар көлік жүргізушісіне қараңғы уақытта машина шамының жарығы, бірнеше метр жол ғана көрінеді, алайда оған алға жүруіне осының өзі жеткілікті. 

Бұл туралы орыс мақалдарында да айтылады, атап айтқанда «Жолдың алыс-жақындығы жоқ», «Қорыққанға қос көрінер», «Көз қорқақ – қол батыр»... Алғашқыда ойдан туған мақсат ұшан-теңіз болып көрінуі мүмкін. Бірақ нақтылы шаралар қолдана бастағанда бәрі де түсінікті болады, үлкен жоба – бұл жеке-жеке бөлшектерден тұратын мозайка. Мұнда әрбір бөлшекті жеке-жеке алып, бір-біріне қосып дұрыс бейне жасау қажет. Өз бейнесін жасай білген сізден басқа яғни – бейненің туындыгерінен басқа кім оны жақсы жасауы мүмкін? 

 

Су түбіндегі тас

Бәрінен бұрын жағымсыз тәжірибе мақсатқа қол жеткізуге бөгет жасайды. Бір рет сәтсіздікке ұшырау, кемсітушілік сөздерді есту біржола көңілді қалдыруы мүмкін. Өйткені көз алдыңнан үнемі  - сол бір кемсіткен сәттерің кетпеуі мүмкін. Ауыр еске алушылық – бұл бірінші кезекте қолға алған істе жеңе білетін жауың болмақ. Өткенді еске алып қайғырғанша, оған талдау жасау керек. Ия өзіңнің сәтсіздіктеріңді қайтадан еске алып, неден қате жібергендігіңді анықтауға тура келеді. Жаңа сынақты бәрі дұрыс болатындай етіп жоспарлаған жөн. 

Тағы да бір көзге көрінбейтін жау – бұл қорқыныш. Сәтсіздік қорқынышы сәтсіздіктен бұрын пайда болады, ол адамды жансыздандырып, бәрінен бұрын қорыққанымдай болатын болды деген түсінікті санаға сіңдіреді. Сол себепті кез келген сәтсіздікке алдын ала әзілмен қарау керек, өйткені қателіктердің кетуі сөзсіз болатын құбылыс. Кез келген миллионер өз мақсатына қол жеткізу үшін қаншама қателіктер жасағандығын мойындайды. Ал сәтсіздік тілеушілер өзгелердің қателіктеріне қуанатын болса, онда олардың да өмірінде бәрі жақсы бола бермеуі мүмкін. 

          Тағы да жымысқы басқа қорқыныш – табыс қорқынышы. Табысты адамға қызғана қарап, таныстары одан сырт айналып кетуі мүмкін, оқытушыларға және басшыларға жылдам көтерілу ұнамауы мүмкін. Барлық қоршаған адамдар бұрынғы сәтсіздікке ұшырағанға басқа көзбен қарайды. Кеше ғана өз адамымыз деп қабылдаған олар ертеңіне оны бөтен деп есептеуі мүмкін. Бұл дегеніміз нағыз достыққа жатады ма? әрине жоқ, нағыз достар қандай да болмасын өзгерістерге қарамастан оның жанында қалады. 

 

Өзіңді тексер

Біздің көпшілігімізге жақын адамдардың, достардың, әріптестерінің қолдауы жеткілікті. Адам үндемей ғана өзінің арманын құпия сақтаған жағдайда, оның өзіне ол қолайсыз, күлкілі, тіпті ақымақтық болып көрінуі мүмкін. Бірақ кез келген уақытта оған: мүмкін басқалардың да менің арманыма ұқсайтын арманы бар шығар деген ой келеді. Онда біз өз мақсатымызға қалай қол жеткіземіз деп бірге ойлануымызға болады. Соңында барлық адамдар – табысты адамдар бір нәрсені бірдей қалағысы келмейді. Тек қана табысты адамдар осыны мойындаудан қорықпайды. 

 

Жақсылық үшін

Кімнің жеңілуге құқысы жоқ? Өз Отанын қорғайтын солдат па, пациенттің өмірін сақтап қалушы дәрігер ме, ондаған жұмыс орнына жауап беретін басшы ма. Ия бұлар табысты адамдар, алайда мұның бәрі табыстың арқасында ғана ма? бастысы сенің жасап жатқаныңның біреуге қажет екенін ойлау қажет, сонда ғана сен қанаттанасың.

Жаңалық қосты admin1, 10-05-2014, 12:33, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1410

Хаирова Л.А орыс тілі және әдебиет оқытушысы   және математика пәнінің оқытушысы Жанкаринова Ж.Т,  республиқалық   қашықтық  ғаламтор арқылы  олимпиадаға қатысып, математика және орыс әдебиеті пәндері бойынша үздік нәтиже атына ие болды. Физика пәнінің оқытушысы Сулейменова Г.М  1  курс студенті Гофман  В дайындады, оқушы үздік нәтиже қөрсетті. 

 Қазақстандық  ғаламтор олимпиадаға қатысу.
Қазақстандық  ғаламтор олимпиадаға қатысу.
Қазақстандық  ғаламтор олимпиадаға қатысу.