"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 13-10-2014, 15:15, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1417

Павлодар облысының   білім басқармасы және Павлодар облысының салауатты омір салты орталығы  бірлесе отырып №2 қалалық ауруханасының мәжіліс залында   26.09.2014  күні  «САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ» атты қалалық  сайыс өткізді. Осы сайысқа біздің колледж студенті ЛП -13-9-1 тобының оқушысы Трибус Галина қатысып, «ПАРАСАТ АРУЫ» атты номинациясына ие болды.

Жаңалық қосты admin1, 6-10-2014, 17:08, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1604

    15.09.2014ж.-21.09.2014ж. аралығындағы БЕЙБІТШІЛІК АПТАЛЫҒЫ

Бірінші курс студенттері «Біз бейбітшілікті қалаймыз» тақырыбында қабырға газетін шығарды – осы іс-шараны ұйымдастырушы қоғамдық пәндер оқытушысы Барақбаев С.Т.;

Сонымен қатар бірінші курс оқушыларымен Бейбітшілік қорына 2850 (екі мың сегіз жүз елу) теңге сомасында ақшалай қаржы жиналды – ұйымдастырушы қоғамдық пәндер оқытушысы Неғманова Г.Б.;

2014ж. 15-21 қыркүйек аралығында дене тәрбиесінің оқытушысы А.Ғ. Кожиков ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінің» бірінші және жоғары курс студенттерінің арасында Бейбітшілік күніне арналған мини-футболдан жарыс өткізіді.

Жарысқа 1 курстың  - ТМ 14-9-1, ЛП 14-9-1, ТОРА 14-9-1, 2-4 курстың – ТМ 14-11-1, ТМ 13-9-2, ЛП 13-9-1 және ЭЭЖ 13-9-1 топтарының командалары қатысты. Жарысқа қатысуға жалпы – 49 ер бала жіберілді.

Жарыс нәтижелері төмендегідей болды: 1 курстар арасында ТОРА 14-9-1 тобының – «Газ Мяс» командасы 1-ші орынға ие болды, 2-ші орын – ТМ 14-9-1 тобының «REAL TM» командасының, 3-ші орын – ЛП 14-9-1 тобының «Арлан» командасының еншісінде.

Жоғары курстар арасында 1-ші орынды ТМ 13-9-2т., 2-ші орынды ЭЭЖ 13-9-1т., 3-ші орынды ТМ 14-11-1т. иеленді.

    17.09.2014ж. қоғамдық пәндер оқытушысы З.Ж. Ахметова мен Г.Б. Неғманова екінші курстың: ТМ 13-9-1т., ТМ 13-9-2т., ЛП 13-9-1т. оқушыларының арасында Украинада болған оқиғалар туралы бейнефильмді көрсетуді ұйымдастырып оны талқылады;

     Апталықты қоғамдық пәндер оқытушысы Б.Ш. Шушпаева бірінші курс оқушыларына арналған «21 қыркүйек Халықаралық бейбітшілік күні» тақырыбындағы ашық іс-шарамен аяқтады. Бұл шарада 20 және 21 ғасырлардағы барлық соғыстар мен оқиғалар айтылып, таныстырулар көрсетілді.

 

ЦӘК төрайымы: Калимова С.С.