"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 27-11-2014, 12:03, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1513

Байқау: «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ МЕНІҢ ОТАНЫМ»

СМС 12-9-1 тобының студенті, КМҚК «Павлодар машина жасау колледжі», Павлодар қ., Павлодар облысы.

Мусина Жаухари Шинолқызы

Шығарма

«Көшбасшы жолы»

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Бірінші президенті күні деп саналады. Бұл күннің кездейсоқ таңдалынып алған жоқ, өйткені 1991 жылы 1-ші желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстанда жалпы халықтық президент сайлауы өткен болатын. Осы күні біздің президентіміз сайлаушылардың 98,78% дауысын жинады, бұл көрсеткіш біздің Көшбасшыға деген нық сенімділікті көрсетті. Осы азды-көпті 23 жылда біз Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен үлкен белестерден өттік.

Мен, біздің перезидентіміздің ең басты қол жеткізген жетістігі еліміздің Егеменділік пен Тәуелсіздікті жариялауы болып табылады деп санаймын. Қазақ халқы ұзақ жылдар бойы өздерінің еркін өмір сүруі үшін күресті, сондықтан бізге осы тарих бөлігінің, біздің тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденуі мен көтерілуінің куәгері болудың сәті түсті. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін қаншама күш жұмсалды! Бұл Н. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанды құру жолына үлкен үлес қосқандығын көрсетеді. Біздің көшбасшы өзін шебер саясаткер, беделді басшы, нық және сирек кездесетін қабілетті тұлға ретінде көрсете білді. Миллиондаған қазақстандақытар 20 жылдан астам уақыт ішінде оған бірнеше рет көздері жетіп, өзіне және өзінің болашағына, Отанымыздың болашағы сенімді қолда екендігіне сенді.

Семей сынақ алаңының жабылуы туралы Жарлығы тек қана біздің еліміздің азаматтарына ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге Президентіміздің жоғары дәрежелі адамгершілігін әрі оның бейбіт қоғамға ұмтылуын көрсетті. Біздің Президент қазіргі Қазақстан қоғамындағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға аса көңіл бөлуде. Қазақстанның барлық халықтарының бірлігін, адамдар мен әр түрлі конфессиялардың бір біріне деген толерантты қарым-қатынасын президентіміз өзінің басты мақсаттарында атап көрсетеді. Біздің мемлекетіміз көп ұлтты болғандықтан тұрақтылықты, адамдар арасындағы достық пен құрметті сақтау бәрінен жоғары қойылады. Мен екі ұлттың өкілімін, әкем түрік, анам қазақ, біздің барлығымызға Президентіміздің бейбіт бастамалары, оның теқ қана біздің Қазақстанды ғана емес сонымен қатар балрық әлемді бейбітшілікте көруге ұмтылуы  жақын. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемдегі ірі саясаткерлердің бірі, оның атын ғаламдық қауіпсіздікпен және барлық әлемдегі ядролық қарусызданудың бастамасымен байланыстырады.

Осы жылдары әлемде көптеген оқиғалар болды, ең өкініштісі оның көбісінің соғыспен аяқталуы, бірақ біздің көшбасшы бейтараптылықты сақтап, осы уақытта адамгершілікке көп көңіл бөліп өзінің халқын бейбіт өмірде өмір сүруін қамтамасыз етті. Әлемдік дағдарыс кезеңінде көптеген мемлекеттер үлкен қаржы қиындықтарына тап болған кезде біздің еліміз Ұлт Көшбасшысының басшылығымен үдерісті тоқтатпай тек қана алға ұмтылды. Қазір Қазақстан гүлденген, жас мемлекет деп есептеледі. Біз әлемнің озық елдерімен бір деңгейде тұрмыз. Оның жарқын көрінісі Қазақстанда «Болашақтың энергиясы» ұранымен өтетін EXPO-2017 көрмесі болып табылады, мұнда бір «шаңырақ» астына өнертапқыштар мен өнер туындылары, ғылым мен техника аясындағы әлемдік жетістіктер жиналады. Халықаралық көрмені өткізу құқығына ие болу – ол Қазақстанның тәуелсіз уақытындағы бұрын соңды болмаған үлкен жетістігі.

Менің отбасым Семей облысының Қара-Мырза ауылында тұрады. Онда жастарға арналған клуб, спорттық, бала алаңқайлары салынып, «Түрік-поляна» демалыс орны ұйымдастырылған әрі әр түрлі гүлдердің (қызғалдақ, калла, раушан), шыршаның сұрыптарын өсіруге арналған көшетжай салынған. Орман шаруашылығының директоры С.М. Елемесов көшетжайлар шамасының жаңа технологияларын меңгеру үшін Швецияға барып келді. Бұл дегеніміз шағын ауылдардың сыртта қалмайтындығының көрсеткіші болып табылады. Президент жергілікті ауылдарға және шаруашылықтарға көп көңіл бөледі.

Ұлттық валютаны енгізу, Қазақстанды өзінің алтын-алмаз қорымен қамтамасыз ету, индустриалдық-жаңашылдық дамуға бағыттылық, қысқа мерзім ішінде жаңа, заманауй астананы тұрғызу мұның барлығы біздің президентіміздің жеткен жетістіктерінің қысқаша тізімі ғана.

Сонымен қатар президенттің бастамасымен қабылданған «Қазақстан 2050» стратегиясына ерекше көңіл бөлгім келеді. Ол негізінен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған, мұнда президенттің халыққ жолдауы бар. Онда былай деп айтылады: «Біз бірінші рет өз тарихымызда озық шығыс азия мемлекеттерінің тәжірибелерін және біздің көп конфессиялы қоғамымыздың ерекшеліктерін есепке ала отырып батыс демократиясының қағидалары бойынша құрылған тәуелсіз мемлекетті құрдық».

Тарих бастаулары, біздің түп тамырымыз кез келген халыққа маңызды, біз болашаққа қарауымыз қажет. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қазіргі әлемдік саясатқа маңызды қатысушы әрі жаңа, үлкен саяси салмақты аймақтық ойыншыға айналды. Стратегиялық серіктестік ретінде Батыс және Шығыс елдерінің Қазақстанға деген қызығушылықтары артуда. Мен тек Назарбаев қана Еуразия одағын құру туралы идеясын бірінші болып айтты деп ойлаймын. Мұндай экономикалық одақ еуразия аумағындағы халықтарға үлкен пайда әкеледі.

Қазақстанның тарихи табысын Ұлт көшбасшысы айқын көрсетті: «Біз  өзіміздің таңдаған қазақстандық даму жолымызбен келеміз. Әлемдік тәжірибені меңгеріп әрі сараптай келе біз эволюциялық жолды таңдадық. Біз ешкімнен ештеңені көшіріп алуға ұмтылмаймыз, керісінше тек қана біздік елімізге және біздің халқымызға қажеттіні ғана істейміз. Бұл біздің қолымыздан келеді».

Әлемдік сарапшылар біздің жас Республикамыздың болашағы жарқын болатынына болжам жасайды, олар оны өткізілген экономикалық реформалармен, экономикалық өсіммен, елдің қорымен, ішкі тұрақтылықпен және сыртқы беделмен байланыстырады.

Қазақстан Тәуелсіздік алған уақыттан бастап әлемге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ең құнды байлығы – оның саяси еркіндігі мен таусылмас кемеңгерлігін паш етті. Ол өз мүмкіндігі бойынша ерекше әрі расында да титандық тұлға. Халықтан шыққан ол ғаламдық көлемдегі саяси шыңға жете білді. Біз қазақстандақтар барлық әлемде жалпы мойындалған өз Көшбасшымызды мақтан етеміз.

Сөз соңында айтарым саяси көшбасшылық үлгісі, екі онжылдық бойына табысты түрде қарқынды көрсетіп келе жатқа Қазақстан өз халқына және әлемге үдеріс әкелді. Сондықтан біз толықтай негізде бүгінгі күні: Назарбае – бұл Дәуір! деп айта аламыз.

24.10.2014 ж.

Жаңалық қосты admin1, 27-11-2014, 11:56, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1342

2014 жылы 1-ші қазанда «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы А. Саваровскаяның басшылығымен жастар комитеті Қарттар күніне орай оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, үлкендерге құрметпен қарау  мақсатында 1-ші курс оқушыларының еңбек ардагері, алғашқы тың игерушілердің бірі  С.Т. Смағұловпен кездесуін ұйымдастырды.

2014 жылы 3-ші қазанда Ұстаздар күніне орай колледждегі ТМ 13-9-1 және ТМ 14-11-1 топтарының оқушыларының күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бағдарлама өте қызықты әрі әр түрлі жанрда болды. Сонымен қатар Жастар комитеті өзін-өзі басқару күнін ұйымдастырды.

2014 жылы 7-ші қазанда қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, ҚР рәміздеріне құрметпен қарау мақсатында 1-ші курс оқушыларының арасында қоғамдық пәндер оқытушысы З.Ж. Ахметованың ұйымдастыруымен «ҚР рәміздері» блиц турнирі өткізілді. Жарыста 1-ші орынды ТОРА 14-9-1 тобы иеленді. Құттықтаймыз!

2014 жылы 24-ші қазанда ГЮП инспекторы, полиция капитаны Ж.А. Тургульдиновтың, «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» дәрісімен В.А. Чебатаревтың, «Нашақорлықтың алдын алу мен оны ерте кезден анықтаудағы ата-аналардың рөлі» дәрісімен колледж психологының қатысуымен жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өткізілді. Колледж психологы тренинг өткізіп, отбасындағы сәтсіздік пен жасөспірімдердің өз өзіне қол жұмсаудың алдын алу туралы айтып өтті. Жиналыстың соңында ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап бердік.

 

Павлодар қаласының мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімі тілдерді енгізу мен дамыту бағдарламасының аясында 2014 жылы 29-шы қазанда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында қалалық «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» байқауын өткізді. Байқауға 2 курстағы ТМ 14-11-1 тобының студенті Сағындық Кәкім қатысып, жүлделі 3-ші орынға ие болды әрі бағалы сыйлықтармен марапатталды.