"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 5-06-2015, 09:50, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1464

Соғыстың сұрапыл жылдары – блокаданың қиын жылдары.

Сұрапыл соғыстың және ұмытылмас қиын күндердің аяқталғанына 70 жыл болды. Уақыт өтіп, жан жарасы жазылды. Өртенген қалалар ғайып болып, жаңа ұрпақтар өсіп-жетілді. Бірақ та, адамзаттың есінде 1941 жылдың 22 маусымы тек қатерлі күн емес, сонымен қатар ұзақ 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы есебінің басталғаны ретінде есінде қалды. Павлодар машина жасау колледжінде жеңістің 70 – жылдығына арналған іс-шара аясында оқушылардың туған еліміздің және оның халқының жасаған ерліктерін мақтан тұтуына, еліміздің тарихы мен оның батырларына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында ерлік сабағы өткізілді. «Киелі соғыс» әнінің сүйемелдеуімен жүргізушілер ленинградтықтардың тоғыз жүз күн от қоршауында, аяусыз аштықтың қыспағында үш қыс отынсыз, сусыз, электр жарығынсыз, жаудың үздіксіз оқ атқылауына қалай төтеп бергендігін айтты. Оқушылар ленинградтық қыз Таня Савичеваның жазбаларын тыңдап, бейне фильмдерді көрді, ленинградтықтардың естеліктерін, қазақ халқының ақыны Ж. Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім!» өлеңін тыңдады әрі «Өмір жолы» туралы айтылды. Осы сабақ арқылы оқушылар қандай қиын-қыстау жолмен бейбіт өмірге қол жеткендігін білді.