"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 13-10-2015, 00:18, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1187

2015 жылы 13 қазанда «Жемқорлық. Жемқорлықпен күрес» тақырыбындағы дәріспен Павлодар облысы бойынша жемқорлыққа қарсы мемлекет қызметінің істері жөніндегі департаменттің бас маманы Жақаев Талғат Ерланұлы мен «Жас Отан» ЖҚ қалалық филиалының жетекшісі Манабаева Айгерім сөз сөйледі. кездесудің мақсаты құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, жемқорлықтан бас тарту. Жиналысқа жаңа жиынның 92 оқушысы қатысты.