"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 30-11-2015, 23:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1159

2015 жылы 27 қарашада колледж оқушыларының 2 лигасы  арасындағы 25-ші облыстық спартакиаданың бағдарламасы бойынша Павлодар машина жасау колледжінің командасы жасөспірімдер арасындағы волейболдан 1-ші орын алды. Жаттықтырушы Кожиков А.Ғ.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 29-11-2015, 10:34, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1349

2015 жыл 25 қараша колледжіміздің 4-ші курс студенті Қапашев Н. «Әлеуметтік маңызды және қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, дипломмен әрі планшетпен марапатталды.

Жаңалық қосты admin1, 25-11-2015, 10:56, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2702

Қараша айында колледж оқушыларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, олардың өмірлік кеңістіктерін жаңа қосымша ойлармен, сезімдік бояулармен кеңейту мақсатында мәдени маңызы бар «Жағымды көңіл-күй апталығы» өткізілді.

 

Колледжде нақыл сөздер ілініп, холл мен қабаттарда акция мен іс-шаралар туралы ақпараттар ілінді, педагогтарға, ата-аналар мен оқушыларға арналған стендтар дайындалды. Ақпарат күнделікті ауыстырылып отырды.

 

Жұмыстың бір түрі: «Көңіл-күй кемпірқосағы», «колледждің психологиялық портреті», «Тілек шарбағы» атты психологиялық акция мен туған күн иелерін құттықтау, көңілді үзіліс болды. Акцияның маңызды ерекшелігі оның жүктеп қоюшылық еместігі мен әдеттен өзгешелігінде. Акция колледжде белгілі бір көңіл-күйді және басым әсерлі күйді қалыптастырды: колледж бір тұтастыққа айналып, ондағы адамдар – жақын әрі қызықты сұхбаттасушыға айналды.

 

Жаңалық қосты admin1, 16-11-2015, 09:31, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1471

Емтихан мен консультацияларды кестесі

 Мамандық 0910000 «Электрлік және электрмеханикалық жабдықтары (түрлері бойынша)»

 ЭЭЖ-12-9-1 тобы

28.12.2015 ж. бастап 31.12.2015ж. дейін / с 28.12.2015г. по 31.12.2015г. 

Пән атауы /экзамен по предмету

КЖ қорғау

Защита КП

Консультация

Емтихан /экзамен

Кабинет

Емтихан алушы

/экзаменатор

Ассистент

Күні/ дата

Күні/ дата

Сағаты /время

Күні/ дата

Сағаты /время

1

«Жалпы өндіріс механизмнің электр жабдықтары» КЖ қорғау

24.12.2015

25.12.2015

 

 

 

 

407

Айтмагамбетова С.А.

Атымтаева А.А.

2

Жалпы өндіріс механизмнің электр жабдықтары

 

29.12.15

9.00

30.12.15

9.00.

407

Айтмагамбетова С.А.

Атымтаева А.А.

                                       Бөлім меңгерушісі:                                                                 Кульшманова Ж.Т.

 

 Емтихан мен консультацияларды кестесі

 Расписание экзаменов и консультаций

  Мамандық 1014000 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)»

  Специальность1014000  «Технология машиностроения (по видам)»

  Гр.ТМ-13-9-2

 07.12.2015ж. бастап 11.12.2015 ж. дейін / с 07.12.2015г. по 11.12.2015г. 

Пән атауы /экзамен по предмету

КЖ қорғау

Защита КП

Консультация

Емтихан /экзамен

Кабинет

Емтихан алушы

/экзаменатор

Ассистент

Күні/ дата

Күні/ дата

Сағаты /время

Күні/ дата

Сағаты /время

1

Защита КП по технической механики

3.12.2015

4.12.2015

 

 

 

 

404

Нурахметова Ж.Е.

Смагулова А.К.

2

Техническая механика

 

10.12.15

09.00

11.12.2015

14.00

404

Нурахметова Ж.Е.

Смагулова А.К.

 

Жалпы өндіріс механизмнің электр жабдықтары

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Бөлім меңгерушісі:                                                             Кульшманова Ж.Т.

 Емтихан мен консультацияларды кестесі

 Расписание экзаменов и консультаций

 Мамандық 1014000 «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)»

 Специальность1014000  «Технология машиностроения (по видам)»

  Гр.ТМ-13-9-1

  14.12.2015ж. бастап 19.12.2015 ж. дейін / с 14.12.2015г. по 19.12.2015г. 

Пән атауы /экзамен по предмету

Консультация

Емтихан /экзамен

Кабинет

Емтихан алушы

/экзаменатор

Ассистент

Күні/ дата

Сағаты /время

Күні/ дата

Сағаты /время

1

Процесс формообразования

14.12.2015

13.40

15.12.2015

09.00

302

Баткеев Б.Т.

Смагулова А.К.

2

Технологическая оснастка

18.12.2015

12.00

19.12.2015

09.00

307

Смагулова А.К.

Баткеев Б.Т.

  Емтихан мен консультацияларды кестесі

 Расписание экзаменов и консультаций

 09.11.15ж. бастап 13.11.15ж. дейін / с 09.11.15г. по 13.11.15г. 

 

Пән атауы /экзамен по предмету

Открытая защита КП

 

 

Консультация

 

Емтихан /экзамен

 

Каби

нет

 

Емтихан алушы

/экзаменатор

 

Ассистент

Күні/ дата

Сағаты

 

 

Күні/ дата

Сағаты /время

Күні/ дата 

Сағаты /время

 

ЛП    13-9- 1

 

 

Оборудование литейных цехов 

 

 

 

 

12.11.2015

 

14-00

 

13.11.2015

 

14-00

 

401

 

 Сапинов Р.В.

 

Куспеков К.М.

 Емтихан мен консультацияларды кестесі

Расписание экзаменов и консультаций

09.11.15ж. бастап 13.11.15ж. дейін / с 09.11.15г. по 13.11.15г

 

Пән атауы /экзамен по предмету

Открытая защита КП

 

Консультация

 

Емтихан /экзамен

 

Каби

нет

 

Емтихан алушы

/экзаменатор

 

Ассистент

Күні/ дата

Сағаты

Күні/ дата

Сағаты /время

Күні/ дата

Сағаты /время

 

ЛП    13-9- 1

 

Оборудование литейных цехов 

 

 

 

12.11.2015

 

14-00

 

13.11.2015

 

14-00

 

401

 

 Сапинов Р.В.

 

Куспеков К.М.

                                               

Жаңалық қосты admin1, 10-11-2015, 09:49, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1148

     ҚР Бірінші Президенті күніне арналған «Қайырымдылық керуені», «Балаларға қуаныш сылайық» акциясы аясында Павлодар машина жасау колледжінің ұжымы 2015 жылы 27 қарашада колледжде оқитын жетім-балаларды мерекемен құттықтап, әр қайсысына сыйлықтар, жалпы сомасы 16 500 теңге болатын 11 дана 1500 теңге сомасындағы азық-түлік жинағын табыстады.

  

     2015 жылы 26 қарашада Дүниежүзілік кампанияның ЖИТС-пен күрес айлығының аясында «Мақсатқа бағыттау: 90% АИТ-жұқпалы ауруға шалдыққан адамдар АРТ алатын болады, 90% АРТ алатын адамдардың жұқпалы ауруы төмендейтін болады» ұранымен Павлодар облысының ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы НПО-мен бірлесе отырып «АИТ-статусын анықтау үшін тестілеуден өт» акциясын өткіздік, колледж студенттерінің арасында экспресс тестілеу мен сауалнамаға 100-ден астам оқушы қатысты.

 

     2015 жылы 25 қарашада Достық үйінде облы әкімі Қ.А. Бозымбаевтың қатысуымен облыстық «Менің табысым – елімнің табысы» байқауына қатысушыларды марапаттау рәсімі болып өтті. Колледжіміздің 4-ші курс студенті Қапашев Н. «Әлеуметтік маңызды және қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, дипломмен әрі планшетпен марапатталды

 

                       

 Тиімді тамақтану айлығының аясында 2015 жылы 19 қарашада ҚБ «Ұлттық тамақтану орталығының» қызметкері Нұрахметова Г.Ш. колледж оқушыларымен «Дұрыс тамақтан, жеңіл өмір сүр» немесе «Дені сау, белсенді, ақылды және әдемі болу үшін дұрыс тамақтану қажет» тренингін өткізді.

Іс-шара салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дұрыс тамақтануға, салмақты бақылауға бағытталған, шараға 100-ден астам оқушы қатысты.

   

 2015 жылы 13 қарашада «NOMАД» ОЖБ өкілі Е. Серікпаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өткіздік, ол өз баяндамасында жастар арасындағы толеранттылық пен діниаралық келісім қағидаларын үгіттеу мәселелерін қозғады. Армян мәдени орталығының төрайымы Аракелян Сусанна Дерениковна мәдени орталықта жастар арасында діни саясат пен діниаралық келісімді үгіттеу мен оны түсіндіру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.

 

     Толеранттылық күнін мерекелеу аясында студенттерге «толеранттылықты, толеранттылық қарым-қатынасты» түсіндіру, өзге адамдарды құрметтеуге және жақсы қарым-қатынас құруға тәрбиелеу, коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатында келесі іс-шаралар атқарылды:

2015 жылы 12 қарашада «Құқық» үйірмесінің жетекшісі Шушпаева Б.Ш. «Халықаралық толеранттылық күні» ақпараттық сағатын өткізді.

  

Діни экстремизмнің алдын алу.

2015 жылы 4 қарашада колледждің мәжіліс залында 1 және 2 курс студенттеріне арналған «Терроризм мен экстремизмнің алдын алудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі бөлімнің инспекторы М.Б. Жағыпаров дәріспен сөз сөйлеп, бейнефильм көрсетілді, дін мәселелі жөніндегі заңнамалық база талқылауға салынды, соңында ақпараттық материалдар таратылды.

 

     2015 жылы 5 қарашада осы тақырып жалғастырылып, 1 және 2 курстар арасында «Экстремизм мен терроризмнің қанды салдары» тақырыбында ақпараттық сағат өткіздік.

 

 

Студенттерге арнау

     Мерекелік безендірілген залда 2015 жылы 3 қарашада жоғарғы курстың студенттері бірінші курстың студенттерін қарсы алды, өйткені олар Павлодар машина жасау колледжінің үлкен әрі тату отбасының студенттеріне және оның бір бөлігіне айналды!

 

    Студенттердің арнау күнімен колледж директоры Қ.А. Қаирбаев құттықтады.

 

   Мерекелік концертті жоғарғы курстың студенттері әнмен, флешмобпен жалғастырды. Колледждің бірінші курс студенттерін колледж түлегі Зейніл Айдын құттықтап, өзінің әндерін тарту етті. Мереке соңында студенттер өздерінің анттарын беру салтын өткізді.

Жаңалық қосты admin1, 5-11-2015, 19:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1710

     Тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру болып табылады. Белсенді азаматтық ұстаным мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметке, қазақ халқының тарихи мұрасына тәрбиелеу мақсатында 2015 жылдың 1-8 қазан аралығында 1-ші курс оқушыларының арасында ҚР рәміздері туралы білімдерін тексеруге арналған сауалнама жүргізілді. 21-ші қазанда ҚР Әнұранын білу мен оны орындау байқауын өткіздік, қатысушылар мерекелік формада келіп, өздерінің ұйымшылдығын және осы шараның маңыздылығын көрсетті. Байқаудың нәтижесі бойынша 1-ші орынға ЛПТ 15-9-1, 2-ші орынға ТМ 15-9-1, 3-ші орынға ТМ 15-11-1 топтары, алғыс хатқа ЛП 15-11-1 тобы ие болды. 27.11.2015ж. «Тарих доңғалағы» байқауы өткізілді, байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 9 сынып негізіндегі 1-ші курс оқушылары ҚР рәміздері бойынша теориялық білім сайысына түсті, мұнда ТМ 15-9-1 тобы жақсы нәтиже көрсетті, екінші күні ЛП 15-11-1 тобы жақсы нәтижемен аяқтады. Білім сайысы қараша айында жалғасатын болады.

 

2015 жылы 27 қазанда «Тарих доңғалағы» байқауы өткізілді, байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде 9 сынып негізіндегі 1-ші курс оқушылары ҚР рәміздері бойынша теориялық білім сайысына түсті, мұнда ТМ 15-9-1 тобы жақсы нәтиже көрсетті, екінші күні ЛП 15-11-1 тобы жақсы нәтижемен аяқтады. Білім сайысы қараша айында жалғасатын болады.

 

2015 жылы 30 қазанда ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына арналған көркемсөз оқу шеберлерінің арасындағы «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» атты қалалық байқауға ЛП 15-11-1 тобының студенті Тұрсынғалиева Жаннұр қатысып алғыс хатпен марапатталды.

                      

2015 жыл 30 қазанда Павлодар қаласында 2-ші лигадағы колледждер арасында тоғызқұмалақтан 25-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 1-ші орынды, қыздар командасы 2 орынды иеленді. 

2015 жылы 28 қазанда «Қазақ хандығын билеушілердің рөлі» интеллектуалдық марафоны болып өтті. Сайысқа 2-ші курстың екі тобы қатысып, олар хандар туралы таныстырулар дайындады, командалар бір-біріне сұрақтар қойды, жанкүйерлермен жұмыс жүргізіліп, соңында ойын өткізілді.

 

 

2015 жылы 27 қазанда Кульшманова Ж.Т облыстық СӨС орталығының дәрігері Г.А. Жүсіпованы шақырумен антиалкогольдік акциясын дайыдап өткізді. Акцияның тақырыбы: «Алкоголь – сананың жауы!», оған 1 және 2 курстың оқушыларықатысып, акция флешмоб, таныстыру, сахналау, музыкалық нөмірлер түрінде өткізілді.

 

2015 жылы 23-ші қазанда КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» жатақханасында 1-ші курс студенттерінің арасында «Күзгі бал» байқауы өтті. Іс-шара тәрбиеші Ж.Н. Какенованың басшылығымен Студенттік кеңес мүшелерімен дайындалды. Бесінші қабаттың кіре берісі шарлармен, жапырақтармен, плакаттармен безендірілді. Байқауға Әр бөлмеден бір өкілден қатысты, атап айтқанда Сейтқалиева Айнаш, Қарағаева Нұргүл, Валл Зоя, Долматова Любовь, Амангелдиева Феруза. Әр қатысушыны жігіттер ортаға алып шығып, олармен күзгі вальс биін биледі. Байқау бірнеше тапсырмалардан тұрды: өлеңмен немесе прозайкалық түрде өзі туралы айту және салатқа әдемілеп алмалар кесу, көздерін байлап картошка жинау, өздерінің серіктеріне барынша көп жапырақтар жабыстыру. Іс-шара көңілді әрі қызықты өтті, барлық қатысушылар тұрмыста қажетті шағын сыйлықтар алды.

 

2015 жыл 23 қазанда Павлодар қаласында 2-ші лигадағы колледждер арасында үстел теннисінен 25-ші облыстық спартакиада өтті.

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 3-шы орынды, қыздар командасы 8 орынды иеленді.

2015 жылы 20 қазанда облыстық СӨС-ті қалыптастыру орталығының дәрігері Жүсіпова Г.А. «Дені сау отбасы – дені сау ұрпақ» тақырыбында «Денсаулық мектебі» семинарын өткізді. Семинарға 1-ші курстың ЛПТ 15-9-1 және ТМ 15-9-1 топтары қатысты. 23 қазанда ол «Темекі шегудің, нашақорлықтың және ішімдік ішудің алдын алу» таныстыруымен жалпы колледждік ата-аналар жиналысында сөз сөйледі

 

2015 жылы 13 қазанда «Жемқорлық. Жемқорлықпен күрес» тақырыбындағы дәріспен Павлодар облысы бойынша жемқорлыққа қарсы мемлекет қызметінің істері жөніндегі департаменттің бас маманы Жақаев Талғат Ерланұлы мен «Жас Отан» ЖҚ қалалық филиалының жетекшісі Манабаева Айгерім сөз сөйледі. кездесудің мақсаты құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, жемқорлықтан бас тарту. Жиналысқа жаңа жиынның 92 оқушысы қатысты.

 

2015 жыл 2 қазанда Павлодар қаласында 2-ші лигадағы колледждер арасында жеңіл атлетикалық алыс қашықтыққа жүгіруден 25-ші облыстық спартакиада өтті.

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 3-шы орынды иеленді