"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 28-03-2016, 17:02, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1804

2016 жылы 28 наурызда Б.Т. Адуова ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным – менің елім» атты викторина өткізді. Іс-шараға «Шаңырақ» және «Бірлік» командалары қатысты. Сайыс барысында «Шаңырақ» командасы Республикамыздың қалыптасу тарихы бойынша өздерінің терең білімдерін көрсетіп, жеңіске жетті.

 

Жаңалық қосты admin1, 22-03-2016, 17:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1249

Көктем келді, Наурыз бізді өзінің керемет іс-шараларымен қуанышқа бөледі. Мерекелік іс-шараға көптеген оқушылар қатысты. Жаңа жиын топтары 14 наурызда «Шеберлер ауылы» мерекелік көрінісін ұйымдастырып, дастархан жайды, концерттік нөмірлер мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті. 15 наурызда барлық курстарда «Наурыз көктем тынысы» сынып сағатын өткіздік, 17 наурызда ТМ-13-9-1 және ТМ -14 -11-1 топтары «Елімнің ырысы – Наурыз» мерекелік концертін ұйымдастырды. 25 – 27 наурыз аралығында «Кенесары» клубының мүшелері Наурыз мерекесіне орай бокстан өткізілген халықаралық жарысқа қатысып, 2 және 3 орындарды иеленді.

 

Жаңалық қосты admin1, 11-03-2016, 16:55, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1192

2016 жылы 11 наурызда болашақ құрылысшылар тобының шығарылымы болды, мерекелік түрде ата-аналар мен оқытушылардың қатысуымен колледждің түлекетріне дипломдар табысталып, белсенді әрі үздік түлектерге грамоталар және олардың ата-аналарына алғыс хаттар берілді. Іс-шара әрі қарай колледж студенттері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Колледж директоры оқу үздіктеріне дипломдар табыстады.

 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 7-03-2016, 16:52, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1322

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында колледжде әр түрлі іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда: «Әйел – Ана, Әйел – Ару» кітап көрмесі, 8 наурыз – әйелдер күні сынып сағаты. 4 наурызда оқушылар безендірілген плакаттар дайындап, колледждегі әйелдер ұжымын гүлдермен қарсы алды және ЛП – 14-9-1,  ТОРА – 14-9-1 топтарының оқушылары мерекелік концерт дайындады.