"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 27-11-2020, 16:49, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 379

2020 жылы 27-ші қараша күні Павлодар машина жасау колледжінде «Елін сүйген - Елбасы» тақырыбында, 1-ші желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  орай колледж студенттерінің арасында онлайн форматында сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың  жүрегінде  Елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық  сезімге, Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

 

 

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/291120-1.jpg

 

 

Сондай-ақ, «Елін сүйген - Елбасы» тақырыбында, 1-ші желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  орай 24 – 30 қараша аралығында барлық топтарда эссе байқауы өтті, онда балалар алғашқы перзиденттің қалыптасу өмірі, оның жаңа егемен мемлекет, Қазақстан Республикасын құрудағы рөлі туралы қаралған фильмдер бойынша өз пікірлері мен көзқарастарын білдірді.

 

Үздік жұмыстар:

 

Еременко Дмитрий – 1 орын;

 

Абусагит Ернар, Хурметхан Әйгерім, Асылханова Жамиля – 2 орын;

 

Байқадамов Азамат, Мусралинов Тамерлан, Полетаев Сергей – 3 орын.

 

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Біздің балаларды жеңісімен тағы да құттықтаймыз және оқуда шығармашылық табыс тілейміз!