"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
бос уакыт Павлодар машина жасау колледжінде «Интернеттегі жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқы» тақырып бойынша онлайн – кездесу
Жаңалық қосты admin1, 11-02-2021, 16:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 275

 

Павлодар машина жасау колледжінде

«Интернеттегі жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқы»

тақырып бойынша онлайн – кездесу

 

http://www.pmk-kolledg.edu.kz/kaz/uploads/120221sp6.jpg

 

 

 

 

    2021 жылдың 10 ақпанында бірінші курстардың ата-аналарын психо-профилактикалық ағарту, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жасөспірімдер мен жастар арасында тәуелді (ойын мен компьютерге) мінез-құлықтың қалыптасуының алдын алу мақсатында колледж психологының ата-аналармен «Интернет желісіндегі жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында бірінші курс студенттерінің ата-аналары арасында кездесуі өтті.

 

  Ата-аналар онлайн кездесуде интернет-тәуелділік белгілерімен, кибербуллинг ұғымымен, интернет-технологиялар көмегімен іске асырылатын және қорлау, бопсалау, қорқыту, жала жабу, қысым көрсету түрінде түрлі нысандарда көрініс табатын тәсілдермен танысты. Сондай-ақ, сұрақтар қарастырылып, ата-ананың «тәуелділікке қарсы» көзқарастарды қалыптастырудағы рөлі, интернеттегі баланың мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілікті қалыптастыру үшін қажетті психологиялық дағдыларды дамыту туралы ұсыныстар берілді.

 

                   Егер ата-аналар баласының мінез-құлық және эмоционалды саласындағы өзгерістерді тапса, кімге және қайда көмек сұрау туралы ақпарат алды.

 

 

 

 

 

Педагог-психолог:   Сарсекеева Ш.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Павлодар машина жасау колледжінде «Интернеттегі жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқы» тақырып бойынша онлайн – кездесу